Accessibility links

СІМ: Нью-Йоркте зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ


Нью-Йорктегі жүк көлігімен велосипед жолағындағы адамдарға шабуыл жасалған орын. 31 қазан 2017 жыл.
Нью-Йорктегі жүк көлігімен велосипед жолағындағы адамдарға шабуыл жасалған орын. 31 қазан 2017 жыл.

Нью-Йоркте жасалған шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан азаматтары жоқ деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов. "Қазақстандық дипломаттар жағдайды бақылап отыр" деді Жайнақов.

Нью-Йорк билігінің мәліметінше, жүк көлігі велосипед жолағында жүрген ондаған адамды қағып, сегіз адам қаза тапқан, он адам жараланған.

Полиция дерегіне қарағанда, жүк көлігінің жүргізушісі - 29 жастағы Өзбекстан азаматы Сайфулло Саипов шабуылға күдікті ретінде ұсталған.

XS
SM
MD
LG