Accessibility links

Украина ішкі істер министрінің ұлы коррупция күдігімен ұсталды


Арсен Аваков, Украина ішкі істер министрі.
Арсен Аваков, Украина ішкі істер министрі.

Украинаның Коррупцияға қарсы ұлттық бюросы ішкі істер министрі Арсен Аваковтың ұлы Александр Аваковты Ұлттық гвардия үшін рюкзак сатып алу кезінде ақша жымқырды деген күдікпен ұстады. Онымен бірге министрдің бұрынғы орынбасары Сергей Чеботарь де қолға түскен.

Осыған дейін билік күдіктілерге тінту жүргізіліп жатқанын хабарлаған, ал әлеуметтік желілерде ішкі істер министрінің ұлы Александр Аваковтың үйіне тінту жүргізілген суреттер жарияланды.

2015 жылдың басында ішкі істер министрлігі (ІІМ) Ұлттық гвардия үшін алты мың рюкзак сатып алған. Тендерді ұтып алған "Днипровенд" фирмасы әрбірінің бағасы 100 доллар тұратын 5 мың рюкзак жеткізу керек болған.

Сот материалы бойынша, рюкзактарды мемлекеттік сатып алу өте қымбат бағаға жүргізілген. Ал тауарды тиісті деңгейде жеткізбеген. ​Тергеушілер ІІМ өкілдері "Днипровенд" фирмасымен жалған келісім жасаған дейді. Себебі "Днипровенд" ешқандай шаруашылық істермен айналыспайтын болып шыққан әрі ешқандай рюкзак тікпеген.

Тергеу мәліметі бойынша, ішкі істер министрінің ұлы Александр Аваков пен ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Сергей Чеботарьге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олардың сөйлескен видеосы 2016 жылдың ақпан айында интернетте жарияланып кеткен болатын. Ал ІІМ болса, антитеррорлық операцияға арналған рюкзактар сатып алу процесі таза әрі әділ өтті деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG