БҰҰ-ның балалар қоры UNICEF 1 қарашада "Таныс жан: балалар мен жасөспірімдер өміріндегі зорлық-зомбылық" деп аталатын жаңа есебін жариялады. Есепте әлемдегі 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалардың төрттен үші - шамамен 300 миллион балаға үйлерінде өздерін бағып-қағатын адамдар психологиялық агрессия жасайтыны немесе күш қолданатыны айтылған. Ал әрбір 7 минутта бір жасөспірім зорлық-зомбылықтан көз жұмады.
UNICEF есебі бойынша, Қазақстандағы 2-4 жастағы балалардың жартысына жуығы үйлерінде жазаланады.
Балалар қоры әлемдегі 5 жасқа дейінгі балалардың 9 пайызы ғана үйде балаларды қол көтеріп жазалауға толық тыйым салынған елдерде тұратынын айтады. Ал әлемде мектеп жасындағы (6-17 жас) 732 миллион оқушы мектепте балаларды қол көтеріп жазалауға тыйым салынбаған елде тұрады. Қазақстанда үйде балаларды қол қөтеріп жазалауға тыйым салынбаған, ал мектепте мұндай жазаға тыйым салынған. Қор есебіне қарағанда, 2015 жылы әлемде зорлық-зомбылықтан 82 миллион жасөспірім құрбан болған.