Accessibility links

СҚО сәулет құрылыс бақылау басқармасының экс-басшысы сотталды


Петропавл қалалық сотының судьясы Алмас Жұмағазин. Петропавл, 1 қараша 2017 жыл.

Петропавл қалалық сотында сәрсенбіде Солтүстік Қазақстан облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Валерий Затайдың ісіне байланысты сот отырысы аяқталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Сот Валерий Затайды 30 миллион 690 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.

Валерий Затай құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беруді тездету үшін заңды тұлғадан "1,5 мың долларын талап еткені үшін" ұсталып, кейін кепілдікпен босатылды.

Сот процесі барысында күдікті кінәсін толық мойындап, соттан жеңіл жаза қолдануын сұрады. Сотталушының адвокаты Александр Никитенко сотқа Валерий Затайдың жылдар бойы жасаған еңбегі мен зейнетке шығуына бір жыл қалғандығын ескере отырып шешім шығаруын сұрады.

- Сот отырысында біз Валерий Затайдың мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген кезінде көптеген марапаттарға ие болғанын, сонымен қатар оның мемлекеттік қызметте көп жыл жұмыс істеп, осы уақыт ішінде жақсы қырынан ғана көрінгенін сот ескерсе дейміз. Осы жағдайды сот жазалау түрін таңдау кезінде ескерсін деп сұрап отырмын. Бұл жағдайда айыппұл төлеу жазасы жеткілікті деп ойлаймын, - деді адвокат.

Тараптардың өтiнiшi бойынша қылмыстық iс қысқартылған түрде қаралып, сот облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Валерий Затайды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп мойындады.

- Петропавл қалалық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 366бабының 2-бөлігіне сәйкес сотталушы кінәлі деп танылсын. Осы бапқа сәйкес алынған парадан алпыс есе, яғни 30 миллион 690 мың теңге көлемінде айыппұл салынсын. Заңсыз жолмен алынған немесе заңсыз жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленсін. Өмір бойы мемлекеттік қызмет жасаудан шеттетілсін, - деді үкімін оқыған судья Алмас Жұмағазин.

Облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Валерий Затай 2017 жылғы 21 қыркүйекте 1,5 мың АҚШ доллар "пара алып жатқан жерінен" ұсталды.

AzattyqTV

Қар суын ішіп отырған ауыл
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG