Accessibility links

Астана интернет қолданушылар мәліметіне қол жеткізгісі келеді


Сервер бөлмесі (Көрнекі сурет).
Сервер бөлмесі (Көрнекі сурет).

Астана шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлер басшылықтарымен қолданушылар мәліметтерін Қазақстан территориясында сақтау мәселесін талқыламақ. "Киберқауіпсіздіктің 2022 жылға дейінгі концепциясын іске асыру шараларының жоспары" жобасы бойынша, шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлер басшылықтарымен олардың серверлерін Қазақстан аумағында орналастыру туралы келіссөз қазақстандық қолданушылардың байланыстары туралы мәліметтерге қол жету үшін жүргізілмек.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайтында жарияланған құжатта бұл шараны орындаушы деп Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі және бірқатар күш құрылымы органдары көрсетілген. Келіссөзді келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жоспарда сонымен қатар "қазақстандық сенімді бағдарламалық өнімдер мен электронды өнеркәсіп өнімдерінің біртұтас реестрін" құру және шетелдік жекеменшік бағдарламалық қамтамасыз ету, IT өнімдерін сертификаттау мәселелерін пысықтау да қарастырылған.

Бұл шаралар Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілейін деп жатқан тұста жоспарланып отыр. Ол өзгерістер бойынша, билік әлеуметтік желілермен қатар WhatsApp және Telegram сияқты танымал смартфон қосымшаларын да БАҚ-пен теңестіруді ұсынып отыр.

Ресейде 2015 жылдың қыркүйегінен бастап компаниялар ресейлік қолданушылардың жеке бас мәліметтерін Ресей территориясындағы серверлерде сақтауға міндеттеген. 2016 жылы "ресейліктердің жеке бас мәліметтерін сақтау туралы" заң талабын "бұзған" соң шетелдік ірі LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталған.

XS
SM
MD
LG