Accessibility links

Сот Бишімбаевтің қылмыстық ісін тоқтатудан бас тартты


Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі.
Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның ісі бойынша айыпталған тағы 22 адамның ісін қарайтын негізгі сот процесі 7 қарашаға белгіленді. 31 қарашада өткен алдын ала тыңдауда Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты адвокаттар білдірген талап-тілектердің көбін қабылдамай тастады. Бишімбаевтің адвокаты соттан оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған. Сот ол талап-тілек алдын ала сот тыңдауында қанағаттандырылмайтынын айтып, қайтарып тастады.

Пара алды және қаржы жымқырды деп айыпталған 37 жастағы экс-министр Бишімбаев осы жылдың басынан бері қамауда отыр. Тергеу тұжырымынша, Бишімбаев "Бәйтерек" холдингін басқарып тұрған кезінде коррупциялық қитұрқылық жасап, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген қаржыны жымқырған. Бишімбаев айыбын мойындамайды.

31 қазанда өткен алдын ала сот тыңдауында Бишімбаев ісі бойынша сотталғандардың біразы айыптарын "мойындайтыны" белгілі болған.

XS
SM
MD
LG