Accessibility links

Коррупциямен күрес қорын құрған Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путин мен оның әкімшілігін сотқа бермек ниетте. Оппозиционер Ресей қалаларының билігі өзіне сайлаушылармен кездесуге Кремльдің пәрменімен рұқсат бермей отырғанын айтады.

Навальный өз блогында Ресей қалаларының билігі акция өткізуге рұқсат беруден көбінше бас тартатынын айтады. Оппозиционердің пікірінше, Кремль бұған дейін болған акцияларға оппозиционердің көптеген жақтасы жиналғанына алаңдайды.

Алексей Навальный Ресейдегі ірі 50 шақты қаланың әкімшілігі "апта сайын сайлаушылармен кездесуге рұқсат беруден бас тарта отырып, заңды өрескел бұзып отырғанын" айтады. Оппозиционер акцияларын бұдан былай да өткізе беретінін, бірақ жаңа форматта - жеке меншік территорияда және жекеменшік нысанда өткізетінін айтты.

XS
SM
MD
LG