Accessibility links

Ақтөбеде ауыл әйелдерінің бірінші облыстық слеті өтті


Ақтөбе облысындағы ауыл әйелдерінің бірінші слеті. Ақтөбе, 1 қараша 2017 жыл.
Ақтөбе облысындағы ауыл әйелдерінің бірінші слеті. Ақтөбе, 1 қараша 2017 жыл.

Ақтөбеде 1 қарашада ауыл әйелдерінің бірінші облыстық слеті өтті. Оған жалпы саны 350 қыз-келіншек шақыртылған. Оның тең жартысы - ауыл әйелдері.

Ауыл әйелдерінің облыстық слетіне Ырғыз ауданынан келген кәсіпкер Нахия Төремұратованың айтуынша, ауылдық аймақтарда жұмыссыз әйелдер өте көп. Олар көп жағдайда ақпараттың аздығынан жеке кәсібін бастауға жүрексінеді. Бірақ бүгінгі слетте жұмыссыз әйелдердің нақты саны мен жұмыссыздықты жою бағытындағы іс-шаралар туралы айтылған жоқ. Оның себебін ұйымдастырушылар былай түсіндірді.

Нахия Төремұратова, ауыл әйелдерінің слетіне Ырғыз ауданынан келген кәсіпкер әйел. Ақтөбе, 1 қараша 2017 жыл.
Нахия Төремұратова, ауыл әйелдерінің слетіне Ырғыз ауданынан келген кәсіпкер әйел. Ақтөбе, 1 қараша 2017 жыл.

- Бұл слетті ұйымдастырған кезде біз алдымызға ауыл әйелдерінің проблемаларын көтереміз деп үлкен мақсат қойған жоқпыз. Ең басты мақсатымыз - әйелдерге ой тастау болды. Басшылық қызметте, бизнесте жүрген қыз-келіншектерді ауыл әйелдеріне көрсетіп, үлгі еткіміз келді, -дейді облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және демография жөніндегі комиссия төрайымы Ақмарал Хон.

Ақтөбеде алғаш рет өткен ауыл әйелдерінің облыстық слетіне дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен көп балалы аналар да шақырту алған.

XS
SM
MD
LG