Accessibility links

Путин Тегеранда ядролық келісім мен Сирия мәселесін талқылады


Ресей президенті Владимир Путин (солдан оңға қарай), Иран президенті Хассан Роухани және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев баспасөз конференциясында. Тегеран, 1 қараша 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Тегеранға жасаған ресми сапарында 2015 жылы Иранның алты державамен жасаған ядролық келісімін қолдайтынын мәлімдеп, Сирия мәселесінде Иранмен ынтымақтастықты құптайтынын білдірді. Путин Тегеранға 1 қарашада Ресей, Әзербайжан және Иран басшылары арасындағы сауда, транспорт және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайтын келіссөзге қатысу үшін барған.

Бірақ Путиннің Иран президенті Хассан Роуханимен және рухани көсем аятолла Әли Хаменеимен арасындағы келіссөзінде Иран мен әлемдік державалар арасында жасалған ядролық келісім және Сириядағы азаматтық соғыс мәселесі де қозғалды.

Тегеранның ядролық бағдарламасын тоқтатып, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жеңілдеткен келісімге қол қойғандардың бірі - Ресей. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда Иранмен жасалған бұл келісімдегі "елеулі кемшіліктер" түзелмесе, оны қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеген. Еуропа Одағы мен келісімге қатысқан басқа да елдер - Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция мен Германия Трампты АҚШ-ты келісімнен шығармауға шақырған.

Аятолла Әли Хаменеи кеңсесінің мәлімдеуінше, Путин Хаменеиге Мәскеудің ядролық келісімге бір жақты түрде өзгеріс енгізуіне қарсы шығатынын айтқан. Сирия туралы айтқан Путин Иранмен бұл мәселедегі ынтымақтастықты "өте нәтижелі" деп бағалаған. Путиннің сөзінше, Мәскеу мен Тегеран "Сирия мәселесінде ұстанымдарын үйлестіре алып отыр".

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG