Accessibility links

Минск соты оппозиционер Некляевті 10 тәулікке қамады


Владимир Некляев, беларусь оппозиционері. Минск, 1 қараша 2017 жыл.
Владимир Некляев, беларусь оппозиционері. Минск, 1 қараша 2017 жыл.

Беларусь соты оппозиция жетекшісі Владимир Некляевті "көпшілікті рұқсатсыз жиынға шақырды" деп айыптап, 10 тәулік әкімшілік қамауға алды. Минскінің Ленин аудандық соты 1 қарашада Некляевтің 16 қазанда "БелСАТ" телеарнасына берген сұхбатындағы "егер біреудің құқықтарын қорғау керек болса, онда үйіңнен сыртқа шығып, қорғау керек" деген сөздерін "биліктен рұқсат алмастан көпшілік жиын өткізуге шақыру" деп бағалады. Некляев сұхбатында 21 қазанға жоспарланған үкіметке қарсы акция туралы пікірін білдірген. Бірақ өзі акцияға қатысқан жоқ.

Белгілі ақын, президенттікке экс-кандидат Владимир Некляев 2010 жылы желтоқсанда президент Александр Лукашенко қайта сайланған соң болған наразылық акциясын ұйымдастырды деп айыпталып, екі жылға бас бостандығы шектелген.

Бұдан екі күн бұрын Минскіде тағы бір оппозиция жетекшісі әрі президенттікке бұрынғы кандидат Николай Статкевич ұсталған. Статкевичтің әйелі 31 қазанда күйеуін 8 қыркүйекте өткен рұқсат берілмеген шеруге қатысты деген айыппен бес күнге қамалғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG