Қазақстан парламентінің мәжілісі Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) кеден кодексін ратификациялауды мақұлдады. Заң жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, кодекске биыл 11 сәуірде Мәскеуде жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысында қол қойылған.
Кодекс ЕАЭО-дағы кеден қызметін біртұтас реттеу, кедендегі процесті автоматтандыру үшін жасалған.
"Электронды декларация жасау жүйесі енгізіледі. Бұл жерде қандай да бір растайтын құжат тіркеудің қажеті болмайды. Барлық қажетті мәлімет декларацияның өзінде болады. Қағазбен декларация жасау кейбір жағдайларда ғана, мысалы, техникалық ақау туындағанда қолданылады.
ЕАЭО-ның кеден кодексі Кеден одағының 2009 жылы қабылданған кеден кодексін алмастыруы тиіс. Бұл құжат ЕАЭО аумағында бірыңғай кедендік реттеу шарасына көшуге негіз болуы керек.
ЕАЭО кеден кодексі 2018 жылдың басында күшіне енбек.