Accessibility links

Испания соты Карлес Пучдемонды тұтқындауға ордер берді


Карлес Пучдемон.
Карлес Пучдемон.

Испанияның Жоғарғы соты Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон мен автономия парламентінің бұрынғы төрт депутатын қамауға алуға ордер берді. Оларды тұтқындауды бұған дейін Испания соты сұраған болатын. Испания соты қаулысының Еуропа Одағының барлық елінде күші бар.

Сот бұдан өзге Каталония үкіметінің қызметінен босатылған сегіз министрін таяуда автономияны Испаниядан бөлу әрекетіне қатысы бар деген күдікпен қамауға алды.

27 қазан күні Каталония парламенті аймақтың Испаниядан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін көп ұзамай Мадрид Каталонияны тікелей басқару режимін енгізген. Испания премьері Рахой Каталония басшысы Карлес Пучдемон мен ол жетекшілік ететін үкімет мүшелерін қызметтен шеттетіп, Каталония парламентін таратқан. Сонымен бірге Каталония полициясының басшысы да қызметінен алынған. Ресми түрде Испания күш құрылымдарына бағынышты боп саналмайтын Каталония полициясы қатарындағылар тәуелсіздікті қолдайтындар және оған қарсылар болып жікке бөлінген.

Мариано Рахой бұған қоса Каталонияда 21 желтоқсанда кезектен тыс сайлау өтетінін жариялаған.

27 қазанда Испания бас прокуратурасының ресми өкілі Каталонияның Испаниядан тәуелсіздігін жариялауға байланысты аймақ билігінің лауазым иелеріне айып тағылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG