Accessibility links

Қырғыз парламенті Қазан төңкерісі мерекесін өзгертуді қолдады


Қырғызстан парламентінің отырысы (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламенті 2 қарашада совет кезеңінен қалған Қазан төңкерісі күні мерекесін Тарих және ата-бабаларды еске алу күні деп өзгерту және осыған байланысты екі күнді - 7 және 8 қарашаны демалыс деп жариялау туралы қарарды мақұлдады. Парламент баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған қатысты Қырғызстанның еңбек туралы заңына таяуда өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

Қазан төңкерісі күні мерекесін өзгерту туралы ұсынысты 26 қарашада Қырғызстанның мерзімі аяқталып жатқан президенті Алмазбек Атамбаев ұсынған. Ол мереке атауын ауыстыру Қырғызстан тарихында "Үркін" деген атаумен қалған "ұлт-азаттық көтеріліс пен 1916 жылғы оқиғаларды тарихи тұрғыдан объективті түрде бағалау үшін" қажетін мәлімдеген.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанына екі жыл болғанда, 1916 жылы Ресей патшасы Орталық Азиядан 19 бен 43 жас аралығындағы 220 мың адамды әскерге шақыру туралы бұйрық шығарады. Аймақтағы орыс басшылар бұл шешімнің халыққа ұнамайтынын ескерткеннен соң Ресей патшалығы Орталық Азиядан шақыртылғандар әскери ұрысқа емес, тыл жұмыстарына алынатынын хабарлайды. Жарлықтың бұл нұсқасы бұқара халыққа толық жетпейді. Жұрт өздерін отарлаған елдің айдаладағы басқа бір мемлекетпен соғысына қатысудан бас тартады. Орталық Азияның барлық елдері, оның ішінде қырғыздар мен қазақтар патшалық Ресейге бір мезетте бас көтерді. Ресей патшалығы әскер жіберіп, көтерілісті күшпен басып-жаншуынан тарихшылардың дерегі бойынша кем дегенде 150 мың қырғыз қырылып, жүздеген мың қырғыз Қытайға ауып кетеді.

2016 жылы тамызда Қырғызстанда қоғамдық комиссия 1916 жылғы қырғынды "геноцид" деп бағалады. Атамбаевтың Қазан төңкерісі атауын өзгерту туралы ұсынысынан соң Ресей Мемлекеттік думасының спикері Игорь Лебедев ұсынысты "дұшпандық әрекет" деп атады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG