Accessibility links

Киев соты Жанар Ахметті екі айға қамады


Жанар Ахмет, қазақстандық блогер.
Жанар Ахмет, қазақстандық блогер.

Киев соты қазақстандық блогер Жанар Ахметті оны экстрадициялау мәселесі шешілгенге дейін екі айға қамау туралы шешім шығарды деп хабарлайды белсенділер мен украиналық құқық қорғаушылар. Жанар Ахмет өткен айда Киев түбінде Қазақстан жариялаған іздеу бойынша ұсталған.

Украиналық "Адам құқықтары жөніндегі ақпарат орталығы" құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, Киевтің Шевченко аудандық соты Жанар Ахмет "Алматы сотының 2009 жылдың 24 қарашасында шығарған үкімін орындап, оны Қазақстанның тергеу органдарына беру мәселесі" шешілгенге дейін, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қамауда болады деген шешім шығарған. Бұл процедура аясында Жанар Ахметті қамау мерзімі бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Жанар Ахметтің адвокаттарының бірі Евгений Грушовец украиналық ақпарат агенттігіне қорғаушылар соттың бұл шешіміне апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Оқыңыз: Құқық қорғаушылар Киевті Жанар Ахметті босатуға шақырды

Алматыда тұрған және пробациялық бақылауда болған Жанар Ахмет Украинаға биыл наурызда кетіп қалып, сол елден саяси баспана сұраған. Ол Қазақстаннан "саяси себеппен қуғынға ұшырағандықтан" қашып кеткенін айтады. Украинада жүріп ол әлеуметтік желілерде Қазақстан билігі туралы сыни жазбалар жазып жүрген.

XS
SM
MD
LG