Accessibility links

SOHR: Сирия армиясы Дейр әл-Зор қаласын толық бақылауға алды


Сирия мен оның Дейр әл-Зор қаласының картадағы орны.
Сирия мен оның Дейр әл-Зор қаласының картадағы орны.

Сирия армиясы мен оны қолдайтын күштер Сирияның шығысындағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы басып алған ең ірі және ең маңызды Дейр әл-Зор қаласын толық бақылауға алды.

Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының 2 қарашада хабарлауынша, Сирия үкіметінің күштері қала маңынан ИМ содырларын әлі тазартып жатыр.

Сирия армиясы Дейр әл-Зор қаласын қайтарып алу операциясын қыркүйекте, Ресей әуе күштерінің және Иран қолдайтын жасақтар мен ливандық "Хезболла" ұйымының қолдауымен бастаған.

ИМ содырлары қаланың Сирия армиясы мен 93 мың тұрғыны бар бір бөлігінен өзге жағын 2014 жылы басып алып, содан бері билік жүргізген. Дейр әл-Зор Евфрат өзені бойында орналасқан және ол Сирияның мұнай өндіретін негізгі провинциясының орталығы. Қала мұнайға бай аймақта орналасқандықтан және Ирак территориясына жақын орналасқандықтан ИМ үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды болған.

Сирия президенті Башар Асад үкіметі соңғы айларда елдің шығыс бөлігін қайта бақылауға алуға тырысып жатыр. Шығысқа жылжыған сайын Асад үкіметі мұнай мен газ кен орындарының кбіне қайтадан ие бола бастады.

XS
SM
MD
LG