Accessibility links

Kaz Minerals: Бішкек Бозымчак кенішіндегі жұмысымызды тоқтатты


Бозымчак кеніші, Жалал-Абад облысы, Қырғызстан.

Қырғызстан үкіметі Жалал-Абад облысының Ала-Бука ауданындағы Бозымчак алтын кенішін игеріп жатқан қазақстандық Kaz Minerals компаниясының жұмысын үш айға тоқтатты. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қырғыз үкіметі компания қызметін 2 қарашада тоқтатқан және оның себебін түсіндірмеген.

Kaz Minerals шахталары барлық талапқа сай екенін және қазір тиісті билік өкілдерімен кеніштегі жұмысты қайта бастау жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын айтады.

Компания Лондон, Гонконг және Қазақстан қор биржаларында тіркелген. Қазақстанда бірнеше кенішті игеретін компания Қырғызстандағы Бозымчак кенішінен 2014 жылдан бастап алтын мыс өндіре бастаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG