Accessibility links

ИМ Нью-Йорктегі шабуылды мойнына алды


Нью-Йоркте шабуыл жасады деген күдікке ілінген Сайфулло Саиповтың сот залынан салынған бейнесі. 1 қараша 2017 жыл.
Нью-Йоркте шабуыл жасады деген күдікке ілінген Сайфулло Саиповтың сот залынан салынған бейнесі. 1 қараша 2017 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Нью-Йоркте жүк көлігімен жасалған шабуылды мойнына алды. АҚШ-та орналасқан, террорлық әрекеттерді зерттеу жөніндегі SITE Intelligence Group тобының хабарлауынша, 3 қарашада ИМ Нью-Йоркте жүк көлігімен топ адамды адамды қағып, сегіз адамды өлтірді деп айыпталған Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповты "халифат сарбазы" деп атады.

Саиповқа "террорлық топқа материалдық қолдау көрсетті" деген айып тағылған. Полицияның хабарлауынша, Саипов адамдарды қаққан жүк көлігінде оның ИМ-ге адалдығы туралы хат табылған. Велосипед жолағында топ адамды қаққан шабуылдан сегіз адам қаза тауып, 12 адам жараланған.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио терактіні "бейбіт және кінәсіз адамдарға зұлмдықпен шабуыл жасау" деп атады. Америкалық конгресмендер Ақ үйді Сайфулло Саиповты Гуантанамо түрмесіне жөнелтуге шақырды.

XS
SM
MD
LG