Accessibility links

Назарбаев "Нұр Отанды" модернизациялау керегін" мәлімдеді


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

"Нұр Отан" партиясы модернизация мен реформаларды саяси қолдау тетіктерін құруы тиіс" деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, жиында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикалық, саяси және рухани салаларда кең ауқымды модернизация жатқанын және модернизация "саяси жүйені демократияландырудағы маңызды қадам" екенін айтты. Президенттің сөзінше, осыған байланысты "Нұр Отан" партиясының өзін модернизациялау керек.

Елдегі саяси күштер модернизацияға сай болуы керегін айтқан Назарбаев "Модернизация ешқашан қарапайым болмайды. Ол үлкен қарсылық тудыруы мүмкін. Партия бұл жерде ең алдымен модернизация бағытын саяси қолдау тетіктерін құруы керек. Не туралы айтып жатқанымызды алдымен өзіміз түсініп, азаматтарға түсіндіре алуымыз керек" деді Назарбаев.

Жиынның күн тәртібіне партияның 2017 жылғы жұмыс қорытындысы мен партия саяси бююросының құрамын өзгерту мәселелерін талқылау қойылған.

Жиында сөйлеген партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның қоғамдық қабылдау қызметтері енді азаматтар шамығы мен талап-тілектерін мессенджерлер және электронды пошта арқылы да қабылдайтынын айтты. Ол сонымен қатар блогерлермен бірлесе партия қызметін алға ілгерілету бойынша жұмыс істеліп жатқанын да хабарлады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG