Accessibility links

ОҚО: Созақ ауданы полиция басшысының орынбасарына іс қозғалды


Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық ішкі істер бөлімі басшысының бірінші орынбасары Олжас Амандықовтың үстінен Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалды деп хабарлайды Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция майоры Олжас Амандықовқа қатысты қызметтік тексеру жүргізуге YouTube желісінде жарияланған видео себеп болған. "Аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің үш 149-бабы ("Тұрғын-жайға қолсұғумаушылықты бұзу") , 362-бабы ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану"), 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр делінген хабарламада.

Тәртіптік комиссияның шешімімен Олжас Амандықов жұмыстан шығарылған, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, оның тергеу ісі және қызмет ісі бойынша орынбасарлары атқарып отырған лауазымынан босатылған. Созақ ауданының әкімшілігіне аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығын да лауазымынан босату туралы ұсыныс жіберілген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG