Accessibility links

Ресейде Қазан төңкерісінің 100 жылдығы қарсаңында күзет күшейді


Вячеслав Мальцевтің жанында тұрған Мәскеу полцейлері. 14 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейде 4 қарашада Халық бірлігі күні мен Қазан төңкерісінің (большевиктер 1917 жылы 7 қарашада жасаған Октябрь революциясы - ред.) 100 жылдығын атап өтеді. Мерекеге байланысты Ресейде демалыстар жарияланған. Осы "саяси мейрам" күндерінің қарсаңында, яғни 3 қараша күні Ресей билігі "үкімет ғимараттары мен полицияға шабуыл жасауды, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды жоспарлаған топ мүшелерінің ұсталғанын" хабарлады.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ондай күдікке оппозиционер "Вячеслав Мальцев құрған "Артподготовка" (артиллериялық әзірлік) аталатын "астыртын ұйым" мүшелері ілінгенін хабарлады.

Өзін ұлтшыл әрі анархист атайтын Мальцев YouTube желісі арқылы Ресейдің "мереке күндері төңкеріс жасауға дайын" екенін мәлімдеген еді. Ресейдің мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігі Халық бірлігі күні Ресейдегі тәртіпті 90 мыңнан астам полицей қадағалайтынын хабарлады.

Ресейдегі ұлтшылдар жыл сайын 4 қараша күні шеру өткізеді, ал Совет Одағын аңсаушылар шеруге 7 қараша күні шығады. Ресейдегі Халық бірлігі күні 2005 жылы Путин жарлығымен енгізілген.

AzattyqTV

Қарағанды облысы

Ереуілдің төртінші күні

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG