Accessibility links

Мәскеуліктерді "Халық бірлігі" концертіне баруға мәжбүрлеп жатыр


"Лужники" стадионы.
"Лужники" стадионы.

Мәскеуде бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер мен студенттерді 4 қараша - Халық бірлігі күніне орай өтетін шеру-концертке баруға мәжбүрлеп жатыр. "Эхо Москвы" радиосының хабарлауынша, "Лужники" спорт комплексіне мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері мен студенттерді жіберіп жатыр, ал стадиондағы орындарды мекемелерге бөліп берген.

Әлеуметтік желі қолданушылары да концертке барған адамдарға қосымша демалыс күні берілетін болғанын жазып жатыр. Барғысы келмегендерге "сыйақыдан қағылатыны не жұмыстан шығарылатыны" туралы ескертулер айтылған.

"Ресей біріктіреді" аталатын концертке 80 мың адам барады деген болжам бар. Шарада Владимир Путин сөйлеуі мүмкін.

Мәскеу билігі концертке жұртты мәжбүрлі түрде жинап жатыр деген ақпаратты теріске шығарады. Олардың уәжіне қарағанда, жұрт күрделі жөндеуден өткен "Лужники" стадионын көру үшін концертке өздері-ақ барады.

XS
SM
MD
LG