Accessibility links

Трамптың Азия елдеріне сапары басталады


Дональд Трамп жұбайымен бірге Азия елдері сапары қарсаңында. Гавайи штаты. 3 қараша, 2017 жыл.
Дональд Трамп жұбайымен бірге Азия елдері сапары қарсаңында. Гавайи штаты. 3 қараша, 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Азия елдеріне сапарлайды. Сапар басында ол 5 қарашада Жапонияның Йокота базасында болып, Америка және жапон әскери қызметкерімен кездеспек.

АҚШ президентінің бұл сапары Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарынан туындаған шиеленіс кезінде ұйымдастырылып отыр.

Мәліметтерге қарағанда, президент Дональд Трамп "гольф дипломатиясы" аясында Жапония пермьер-министрі Синдзо Абэмен де кездесіп, гольф ойнамақ. Бұдан алдында Трамп пен Абэ биыл ақпан айында Флоридада жүздескен болатын.

АҚШ президенті Жапониядан кейін Оңтүстік Корея, Қытай және Вьетнамға сапарлайды. Ресми хабарға қарағанда, сапардың негізгі мақсаты Солтүстік Кореяның әрекетіне қатысты осы елдердің АҚШ-ты қолдауына көз жеткізу болып табылады.

XS
SM
MD
LG