Ресей аумағында "экстремистік" деп танылып, тыйым салынған "Артподготовка" қозғалысының жетекшісі Вячеслав Мальцев Ресейде 100-ден аса өз жақтасының ұсталғанын хабарлады.
Бұл туралы ол "Дождь" телеарнасына айтқан. Мальцевтің айтуынша, "Россия-24" телернасы өз сюжеттерінде оның жақтастарын "террорист" ретінде атаған.
Ресейдің федаралдық қауіпсіздік мекемесі - ФСБ мұның алдында "Артподготовка" қозғалысының "астыртын ұясының" адамдарын ұстағанын хабарлаған еді. ФСБ-ның түсіндіруінше, бұл адамдар 4-5 қараша күндері әкімшілік ғимараттарын өртеп, полицейлерге шабуылдамақ болған. Қауіпсіздік мекемесі қозғалыс өкілдері "экстремистік акция" ұйымдастырмақ болды деп есептейді.
"Артподготовка" қозғалысы өкілдері Мәскеуде, Красноярскіде, Краснодарда, Қазанда, Самарада, Саратовта и Томск қалаларында ұсталған.
Ішкі істер министрлігіне сілтеп РБК агенттігінің хабарлауынша, 14 адам ұсталған.