Сауд Арабиясында король әулетінен 11 адам ұсталды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, олардың арасында ханзада әл-Уәлид бен Талал бен Абдулазиз әл-Сауд және бұрынғы мемлекеттік министр Ибрагим бен Абдул Азиз әл-Асафд бар.
Ұсталғандар "жемқорлық" күдігіне ілінген. Бұған қоса ұсталғандардың арасында тағы да төрт министр және ондаған бұрынғы министрдің бар екені айтылады.
Жаппай ұстау науқаны король Салманбен Абдулазиз әл-Сауд коррупциямен күрес жоғарғы комитетін құрғаннан кейін басталған. Оны тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Абдул Азиз әс-Сауд басқарады. Ұсталған ханзаданың бірі әл-Уәлид бен Талал корольдің немере туысы болып келеді. Оның байлығы 17 миллиард доллар деп есептеледі. Уәлид бен Талал Four Seasons, CitiGroup, Twitter және Disney компанияларында да үлеске ие. Бұған қоса ол - Лондон мен Париждегі қымбат қонақ үйлердің де иесі.