Тәжікстанның солтүстігінде жыныстық азшылықтың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым қызметін тоқтатты. "Рохи зиндаги" (Өмір жолы) үкіметтік емес ұйымы жеті жыл бойы Соғды облысы, Бустон ауданындағы әлсіз топтарды қорғап келген.
"Рохи зиндаги" ұйымының жетекшісі Альбина Ишкуватова құқық қорғау органдары тарапынан сансыз тексеруден кейін, ұйым қызметін жабу туралы тоқтамға кегендерін айтады.
Оның сөзінше, прокуратура ұйымның қаржы көздерін тексерген. Бірақ грантты мақсатсыз жұмсағаны жөнінде дәйек таппаған.
"Тек болмашы кем-кетіктер тапты. Еңбек кітапшасында қызметкерлердің жеке беттері толтырылмаған деді. Біздің қызметкерлердің білімі жұмысқа сай келмейді деді. Бізге ескерту жасады. Біз тексеруден шаршадық" дейді Альбина Ишкуватова.
Тәжікстанда көптеген қоғамдық ұйымдар "Коррупцияға қарсы күрес туралы" және "Қоғамдық ұйымдар туралы" заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін жұмыс істеу қиындап кеткенін айтып, шағымданып жатыр.