Accessibility links

Бішкекте депутат Аида Салянованың інісін атып кетті


Бішкектегі депутат Аида Салянованың інісі Улан Саляновтың үйі. 6 қараша 2017 жыл.
Бішкектегі депутат Аида Салянованың інісі Улан Саляновтың үйі. 6 қараша 2017 жыл.

Бішкектің іргесінде белгісіз адамдар Жогорку Кенештің "Ата-Мекен" фракциясының депутаты Аида Салянованың інісі Улан Саляновты атып өлтіріп кетті. Бл туралы ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметіне депутаттың бұрынғы адвокаты Улан Жумаков растады. Оның сөзінше, 6 қараша күні түнгі сағат 2 шамасында бетперде киген белгісіз адамдар Улан Саляновтың үйіне басып кіріп, атып кеткен. 42 жастағы Улан Салянов шабуылдан оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнында милиция жұмыс істеп жатыр.

"Саляновтің кіші ұлы әуелде жоғалып кеткен. Оны ұрлап кетті деген де болжам жасалған. Бірақ кейін милиция келіп, оны тауып алды. Қарулы адамдар маркасы көлікпен келді деген әңгіме де айтылып жатыр. Маркасы белгісіз. Көлікті үйге жақын жерге қойып, шабуылдан соң қашып кеткен. Милиция күдіктілерді ұстау жоспарын жариялады" деді Улан Жумаков.

Саляновтің туыстарының сөзінше, үйге бетперде киген үш-төрт адам басып кіріп, ақша талап еткен. Улан Салянов олармен жанжалдасып қалып, қарулы адамдар оны атып тастаған. Осы кезде үйден оның 17 жастағы ұлы Абай Салянов қашып кетіп, кейін табылған.

Аида Салянова - оппозициялық "Ата Мекен" партиясының парламенттегі фракциясының депутаты, бұрынғы бас прокурор. 10 қазанда Бішкектің Ленин аудандық соты Аида Салянованы әділет министрі болып тұрған кезінде қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деп айыпталып, 5 жылға соттаған. Сот Салянованың жазасын өтеу мерзімін кішкентай ұлы 14-ке толатын кезге дейін ұзартқан. Аида Салянованың адвокаты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген.

XS
SM
MD
LG