Accessibility links

Transparency Игорь Сечиннің бұрынғы әйелінің табыс көзін білгісі келді


Игорь Сечин, ресейлік "Роснефть" компаниясының атқарушы директоры.

"Transparency International – Россия" ұйымы Paradise Papers-дің "Роснефть" мұнай-газ компаниясының атқарушы директоры Игорь Сечиннің бұрынғы әйелі Марина Сечина туралы материалдары бойынша Ресей бас прокуратурасына жүгінді.

5 қарашада Зерттеуші журналистердің халықаралық консорциумы (ICIJ) мен Коррупция және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Бермуд аралдарында орналасқан офшорды тіркейтін Appleby компаниясының әшкереленіп кеткен ақпараттарын зерттеу нәтижесін жариялады. Зерттеу туралы материал "Новая газетада" жарияланған.

2016 жылы Appleby-дың жүздеген клиенті туралы ақпарат "цифрлық қауіпсіздік оқиғасынан" соң қолжетімді болып қалған. Ақпараттардың әшкере болып қалғаны туралы дерек алғаш рет қазанның соңында британдық бірнеше басылымда жарияланған. Appleby өкілдері ішкі тергеу жүргізгенін және ұрланған мәліметтерде заңсыз ешнірсе болмағанын мәлімдеді. Бірақ кейбір журналистер бұл мәліметтердің жариялануының салдарын "Панама құжаттары" әшкере болған кездегі нәтижемен салыстыруға болатынын айтады. Компанияның барлығы 13,4 миллион құжаты, оның ішінде жүздеген компания мен жеке тұлғалар туралы ақпарат та бар. Ресейлік фигуранттар арасында Игорь Сечиннің бұрынғы әйелі Марина Сечина да бар. "Transparency International – Россия" Ресей бас прокуратурасынан басқа Ұлыбританияның ірі көлемдегі қаржылық қылмыстармен күрес қызметіне (SFO) Сечин отбасының қаржысының заңдылығын тексеруді сұрап қайырылмақ. "Новая газетада" жарияланған материалдарға қарағанда, Игорь Сечиннің отбасы қаржысын девелопер жобаларына құйған болуы мүмкін.

Зерттеу мәліметінше, Марина Сечина Gray Jackal Limited компаниясын құрушылардың бірі болған. Компания 2011 жылы Ресейдегі девелоперлік жобаларға инвестиция салмақ болған. Appleby құжаттарында Марина Сечинаның жобаға қанша қаржы салғаны туралы мәлімет жоқ. Transparency International - Россия" Игорь Сечин отбасының табыс туралы декларациясында көрсетілген табыс пен олардың офшорлық компаниялар арқылы инвестицияға жұмсаған ондаған миллион доллары арасында сәйкессіздік барын айтады.

Зерттеуде сонымен қатар әлемдегі сирек кездесетін элементтерді жеткізумен айналысатын швейцарлық Glencore International AG компанияның аты да аталады. Сонымен қатар арасында Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-нің активтерін басқаратын Ланкастер герцогтігі, Иордания ханшайымы Нур әл-Хусейн, АҚШ президенті Дональд Трамптың 13 кеңесшісі, НАТО-ның Еуропадағы штабының бұрынғы қолбасшысы Уэсли Кларк, кино мен шоу-бизнес өкілдері, 120 саясаткер туралы ақпараттар да жария болып кеткен. "Ресейлік байлар Appleby компаниясына негізінен жекеменшік ұшағын тіркету үшін жүгінген" деп жазады "Новая газета".

Appleby – жеке және корпоративтік қаржыны басқару, түрлі саладағы дауларды шешу және компанияны офшорлық заңнамамен тіркеу қызметін көрсететін офшорлық компания. Appleby 1898 жылы құрылған және қызметі қымбат, өте беделді компания саналады. Компания клиенттері арасында ресейліктер салыстырмалы түрде алғанда аз.

AzattyqTV

Air Astana ұшағына не болды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00
Португалиядағы оқиға

Air Astana ұшағына не болды?

XS
SM
MD
LG