Accessibility links

Экзит-пол: Берлускони коалициясы Сицилиядағы сайлауда алда келеді


Сильвио Берлускони, Италияның бұрынғы премьер-министрі.
Сильвио Берлускони, Италияның бұрынғы премьер-министрі.

Сицилияда экзит-пол нәтижесі аймақ басшысын сайлауда Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің оңшыл альянсы популистік "Бес жұлдыз қозғалысынан" алда келе жатқанын көрсетеді. Бұл сайлау келесі жылы өтетін парламент сайлауына "дайындық" саналады.

Италияның мемлекеттік RAI телеарнасы 6 қарашада Берлусконидің Forza Italia партиясы мен басқа да оңшылдар қолдайтын кандидат Нелло Музумечи губернатор сайлауында 35-39 пайыз дауыс жинап, алда келе жатқанын хабарлады. "Бес жұлдыз қозғалысының" кандидаты Джанкарло Канчеллери 33-37 пайыз дауыс жинап тұр.

Егер бұл мәліметтер рас болса, онда ол Forza Italia мен оның оңшыл одақтасы - "Солтүстік Лигасы" мен "Италия бауырлары" партияларының позициясын нығайта түспек.

Бюллетендерді санау 6 қарашада басталады.

XS
SM
MD
LG