Accessibility links

СІМ: Техастағы атыс құрбандары арасында қазақстандықтар жоқ


Сазерланд Спрингс қалашығындағы атыс болған баптистер шіркеуінің жанында жүрген полиция. Техас, 5 қараша 2017 жыл.
Сазерланд Спрингс қалашығындағы атыс болған баптистер шіркеуінің жанында жүрген полиция. Техас, 5 қараша 2017 жыл.

Техаста шіркеуде болған атыс құрбандары мен одан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

5 қарашада Техас штатының Сазерланд Спринг қалашығындағы баптистер шіркеуінде құлшылық кезінде қарулы адам атыс қаруынан оқ атып, 27 адамды өлтіріп, 20 адамды жаралаған. Полицияның мәліметінше, шіркеудегі атысты 26 жастағы Дэвин Патрик Келли ұйымдастырған. Куәгерлер оның шіркеуге құлшылық басталғанда қара түсті киіммен кіріп барып, оқ атқанын айтады. Шіркеуден шығарда оған жергілікті тұрғын мерген мылтығынан қарсы оқ атқан. Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан өз көлігімен қашып кеткен. Полиция аз уақыт ізіне түскен соң ішінде шабуыл жасаған адамның мәйіті жатқан қираған көлікті тапты. Оның өз-өзіне қол салғаны, я атыс кезінде алған жарақатынан көз жұмғаны белгісіз. Полицияның хабарлауынша, шабуылдаушының денесінеде оқ өтпейтін кеудеше болған.

Associated Press агенттігі күдіктінің Сан-Антонио қаласында тұрғанын және террорлық топқа қатысы бар адам деп саналмағанын хабарлады.

Азия елдерінде сапарлап жүрген АҚШ президенті Дональд Трамп шіркеудегі кісі өлтіруді "жантүршігерлік зорлық-зомбылық актісі" деп атады.

XS
SM
MD
LG