Accessibility links

Атамбаев 15 қарашада қорытынды баспасөз конференциясын өткізеді


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 15 қарашада қорытынды баспасөз конференциясын өткізеді деп хабарлады Атамбаевтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Баспасөз мәслихаты қайда өтетіні айтылмаған.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті болып 2011 жылы 1 желтоқсанда сайланған. Биыл 24 қарашада Қырғызстанның жаңа президенті - Социал-демократиялық партиясының өкілі Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясы өтеді. Ол 15 қазанда өткен сайлауда жеңіске жеткен.

Оқыңыз: "Атамбаев басшылықтан кетсе де саясаттан кетпейді"

Алмазбек Атамбаевтың өкілетті мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. Қырғызстанның 2010 жылы қабылданған конституциясы бойынша, бір адам президент болып алты жыл мерзімге бір-ақ рет сайлана алады.

XS
SM
MD
LG