Accessibility links

Вице-министр: Азық-түлік себетінің құрамы сәл өзгереді


Светлана Жакупова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Светлана Жакупова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азық-түлік себетінің құрылымы өзгереді деп хабарлады Астанада өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова. Вице-министрдің сөзінше, 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөру деңгейінің мөлшері 24459 теңгеден 28284 теңгеге (15,6 пайыз) ұлғаяды.

Жақыпова келесі жылы ең төменгі күнкөрісті құрайтын азық-түлік себетінде азық-түлік бұрынғы 60 пайыздан 55 пайызға азайтылып, азық-түлік емес тауарлар 40 пайыздан 45 пайызға көбейтілетінін айтады.

"Ресми статистика бойынша, халықтың тұтыну құрылымы өзгерген. Халықтың азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсайтын шығыны 45 пайызды құрағандықтан, азық-түлік себетінің құрылымын өзгертуге шешім қабылданды. Осылайша, себеттің өзгеруінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 16 пайызға ұлғайып отыр. 33 жыл еңбек өтілі бар зейнеткерлер 28284 теңге алады" деді Светлана Жақыпова.

Оқыңыз: Азық-түлік себетін 2017 жылы қайта қарауы мүмкін

XS
SM
MD
LG