Accessibility links

Өзбекстанда оппозиция белсендісі журналист ісі бойынша айыпталды


Ислам Холбой, Өзбекстандағы оппозициялық "Эрк" партиясының белсендісі.
Ислам Холбой, Өзбекстандағы оппозициялық "Эрк" партиясының белсендісі.

Өзбекстанда оппозициялық "Эрк" партиясының белсендісі Ислам Холбойды тәуелсіз журналист Бобомурод Абдуллаев ісі бойынша айыптап жатыр. Қазір үш адам осы іс бойынша қамауда отыр.

Түркияда тұратын белсенді Ислам Холбойды журналист ісі бойынша сырттай айыптап жатқаны туралы Өзбекстанның тәуелсіз адам құқығын қорғаушылары бастамашыл тобының төрағасы Сурат Икрамов хабарлады.

"Бұл кісінің отбасы Бұхарада түрады. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері оның үйіне де барған. Холбойды нақты қандай айып бойынша ұстап отырғаны әзірге белгісіз. Олардың көздегені - Мұхаммед Салих. Оны басты айыпкер жасағысы келеді деп ойлаймын" деді Сурат Икрамов.

Холбойдың өзі Бұхарадағы туыстарының үйіне арнайы қызмет өкілдері барғанын растады.

"Айыптаулар журналист Бобомурод Абдуллаев ісіне қатысты болуы мүмкін. Өйткені мен "Усман Хакназаров кім?" деп аталатын мақала жазғанмын. Мен Бобомуродовпен таныспын. Соңғы үш-төрт жылда біз әңгімелесіп жүрдік" деді ол.

Тәуелсіз журналист Абдуллаев қыркүйектің соңынан бері Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында отыр. Оған "билікті басып алу және конституциялық құрылымды жою мақсатында қастандық ұйымдастырған" деген айыптармен қылмыстық іс қозғалған. Оны 2003 жылы интернетте саясаткер Усман Хакназаров деген бүркеншік есіммен мақалалар жариялаған деп айыптады.

XS
SM
MD
LG