Accessibility links

Сауд Арабиясы билігіндегі өзгерістен соң мұнай бағасы көтерілді


Мұнай (Көрнекі сурет).
Мұнай (Көрнекі сурет).

Әлемде мұнай бағасы көтеріліп, соңғы екі жылда болмаған ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Brent маркалы мұнайдың баррелі 6 қарашадағы саудада 63 долларға дейін көтерілді. Бірқатар сарапшылар бағаның көтерілуін әлемдегі мұнай өндіретін ең ірі елдердің бірі - Сауд Арабиясының билігіндегі таяуда болған өзгерістермен байланыстырады. 5 қарашада Сауд Арабиясының жоғары шенді 11 шенеунігі, оның ішінде министрлер мен королі әулетінің мүшелері ұсталып, биліктен шеттетілген. Reuters агенттігі дереккөздерінің хабарлауынша, олардың көпшілігіне пара алды, қаржы жымқырды және басқа да қылмыстар жасады деген айыптар тағылған. Ұсталғандар арасында миллиардер Әл-Валид бин Талал да бар.

Бақылаушылардың пікірінше, жоғары шенді шенеуніктердің ұсталуы тақ мұрагері, таяуда коррупцияға қарсы комитетті басқарған Мохаммед бин Салманның позициясы нығая бастағанын көрсетеді. Ханзада Мохаммед ОПЕК-тің мұнай өндіру квотасын қысқартуына қарсылардың бірі саналады. Бұл әлемдік нарықта мұнай тапшылығына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Мұнай бағасы 2014 жылы бірнеше себептен, оның ішінде рубль бағамының күрт құлдырауынан түсіп кеткен. Мұнай бағасы көтеріле бастаған соң Ресей валютасының долларға шаққандағы бағамы тұрақтала бастады.

XS
SM
MD
LG