Accessibility links

Қырғызстанда президент сайлауында жеңіске жеткен Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясына шетелдік мемлекет басшылары шақырылмайды. Бұл жөнінде президент әкімшілігінің жетекшісі Алмаз Усенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл шешім "әлемдік тәжірибені ескере отырып" қабылданған. Бірақ ол салтанатты шараға Қырғызстандағы барлық елдердің елшілері шақырылатынын атап өтті.

Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясы 24 қарашада өтеді. Ол 15 қазанда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 54 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті.

Қырғызстанның іс басындағы президенті Алмазбек Атамбаевтың өкілеттігі 1 желтоқсанда аяқталады. 15 қарашада Атамбаев президент ретінде соңғы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG