Accessibility links

Шетелдегі түркіменстандықтар енді тәулігіне тек 50 доллар жұмсай алады


Стамбулда банкомат алдында кезекте тұрған Түркіменстан азаматтары. Түркия, қараша 2017 жыл.
Стамбулда банкомат алдында кезекте тұрған Түркіменстан азаматтары. Түркия, қараша 2017 жыл.

Түркіменстан банктері шетелде банк карталары арқылы берілетін ақшаның көлемін тағы қысқартты. Енді шетелде жүрген азаматтар карталарынан бір тәулік ішінде 50 доллардан ғана ала алады. Осыған дейін картадан тәулігіне 200 долларға дейін ғана ақша ала алатын.

Түркіменстанның "Внешэкономбанкі" банк карталарын пайдалануда жаңа өзгеріс енгізуді ақшаны мақсатсыз жұмсаудың алдын алу деп түсіндіреді. Банктің есебінше, шетелде жүрген азаматтардың тәуліктік күнкөрісіне 50 доллар жеткілікті.

Бірақ шетелдегі түріменстандықтар карталарына кез-келген сомада ақша толтыра алады.

Сонымен бірге, жаңа ережеге сәйкес түркімен азаматтары енді төлемнің барлық түрін тек банк карталары арқылы жүзеге асырады.

Түркіменстанда ақша айырбастауға 2016 жылдың басында тыйым салынған. Қазір ұлттық валюта - манат елдегі жалғыз айырбас валютасы болып қалды.

XS
SM
MD
LG