Accessibility links

Шымкентте әлеуметтік желі белсендісіне қылмыстық іс қозғалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкенттік әлеуметтік желі белсендісі Ардақ Әшімова Азаттыққа Facebook әлеуметтік желісінде латын әліпбиіне қатысты жазған жазбасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімі шығарған. Онда "Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық талдау орталығының "билік өкілдеріне қатысты көрінеу жалған ақпарат таратты деген" іс-құжаты негізінде "Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалғаны" жазылған.

Ардақ Әшімованың айтуынша, іс қозғауға 18 қыркүйек күні Facebook әлеуметтік желісінде Ардақ Әшім деп тіркелген Ардақ Әшімованың латын әліпбиі жөнінде жазылған жазбасы негіз болған.

Бүгін белсендіден өз үйінде тергеушілер жауап алып, куә ретінде сағат 17:00-ге полиция бөлімшесіне келуге шақырту қағазын берген.

Қозғалған қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG