Accessibility links

Түркия премьері АҚШ-қа виза беріле бастауын оң бағалады


Бинали Йылдырым, Түркия премьер-министрі.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым АҚШ-тың түркиялықтарға қайтадан виза бере бастауын "жақсы қадам" деп бағалады. Дегенмен винистр Вашингтон Анкара сұратып отырған дін қайраткері Фетхулла Гүленді экстрадициялау керек деп есептейді. Йылдырым бұл жайында Вашингтонға баратынының қарсаңында мәлімдеді. Вашингтонда ол АҚШ вице-президенті Майк Пенспен кездеседі.

Өткен айда Вашингтон Түркияда АҚШ консулдығының екі қызметкерінің ұсталуына байланысты виза беруді доғарған еді.

Мамыр айында АҚШ консулдығының аудармашысы Стамбулда ұсталған. Ол өткен жылы Түркияда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген Фетхулла Гүленмен байланысы бар айыпталып отыр.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG