Accessibility links

Украина арнайы қызметі ресейлік әншілердің гастролін қадағалайды


Петро Порошенко, Украина президенті.
Петро Порошенко, Украина президенті.

Ресейлік әртістер енді Украинаға гастрольдік сапармен баратын болса ол туралы осы елдің қауіпсіздік қызметіне ескертуі тиіс болады. Бұл жайлы Украина президенті Петр Порошенко арнайы бұйрыққа қол қойды.

Украина ресейлік әншілерді қадағалайды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00

Құжат бойынша, ресейлік әртістер гастрольдік сапарынан 30 күн бұрын Украина қауіпсіздік қызметіне хабарлама жолдап, одан соң украин арнайы қызметінің жауабын күтеді. Бұйрықта сонымен қатар Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдардың тізімі де бекітілген.

Порошенко қол қойған құжатта бұдан өзге концерт кезінде "басқыншы мемлекет пен оның билік органдарының үгіт-насихатына" және сепаратизмді насихаттауға шақыруға тыйым салынған.

Бұған дейін Украина қауіпсіздік қызметі Киев мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп санайтын ресейлік әртістердің елге кіруіне тыйым салған. Олардың арасында Олег Газманов, Надежда Бабкина, Юрий Шевчук, Земфира және басқа да әншілер бар.

Украинаның ресейлік әншілерге тыйым салу себептерінің бірі олардың Ресей аннексиялап алған Қырымға гастрольдік сапар жасауы болып отыр. Осы себепті Киевте өткен Eurovision-2017 конкурсына ресейлік әнші Юлия Самойлова бара алмай қалған. Бұдан соң Мәскеу конкурсқа қатысудан және оны мемлекеттік телеарналардан трансляция жасаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG