Accessibility links

Ақтөбе - Атырау көлік жолы қайта салына бастады


Ақтөбе мен Атырау арасындағы жол. 8 қараша 2017 жыл.
Ақтөбе мен Атырау арасындағы жол. 8 қараша 2017 жыл.

"Ақтөбе мен Атыраудың ортасындағы ұзындығы 455 километрлік көлік жолы қайта салына бастады" деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі. Бүгін аталған комитет төрағасы Мереке Пішембаев жол құрылысын бастап беру үшін Ақтөбеге барды.

"Ақтөбе - Атырау бағыты арқылы Ресейдің Астрахань облысы және Орталық Азия мен Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік бар. Жолды қайта салу нәтижесінде жолға кететін уақыт айтарлықтай қысқарады. Сонымен қатар, бұл жерде шамамен 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі және олардың 90 пайызы жергілікті тұрғындар болады" делінге инвестиция және даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің баспасөз хабарламасында.

Автомобиль жолдары комитетінің мәліметінше, Ақтөбе-Атырау жолы Азия Даму Банкі мен Ислам даму банкі бөлетін несиемен салынады. Яғни, осы жолдың ұзындығы 156 километр болатын Ақтөбе - Қандыағаш учаскесіне Ислам даму банкі 215 миллион доллар көлеміндегі займ беретін болған. Ал Қандыағаш - Мақат учаскесіне Азия даму банкі 240,3 миллион доллар займ бермек.

XS
SM
MD
LG