Accessibility links

"Русь сидящая" құқық қорғау ұйымы басшысы Ресейден кетіп қалған


Ольга Романова, "Русь сидящая" құқық қорғау ұйымының басшысы. Мәскеу, 8 маусым 2017 жыл.
Ольга Романова, "Русь сидящая" құқық қорғау ұйымының басшысы. Мәскеу, 8 маусым 2017 жыл.

"Русь сидящая" құқық қорғау ұйымының басшысы Ольга Романова биыл жазда Ресейден кетіп қалғанын хабарлады. Айтуынша, елден кетуіне Федералдық жазаны атқару қызметі (ФЖАҚ) директорының орынбасары Анатолий Рудыйдың "құпия өсегі" себеп болған. Рудый құқық қорғаушыны бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деп айыптаған. РОманова бұл туралы Facebook-те айтып берді.

Биыл маусымда "Русь сидящая" кеңсесінде тінті болған. Тінту Романованың өзі Дүниежүзілік банкпен бірге құрған "ЭрЭс" компаниясының келісіміне қатысты жүргізілген. Келісім аясында сотталғандар мен олардың туыстарының мұқтаждықтарын зерттеу жүргізіліп, сотталғандарға және сот-түзету жүйесінің қызметкерлеріне жүздеген дәріс өткізілген. Романованың сөзіне қарағанда, өзінде жұмыстың толық көлемде атқарылғанына дәлелі бар. ФҚАЖ "Русь сидящая" дәріс оқымай, ақшаны жымқырған деп санайды. Романова тінтуден соң ұзамай шетелге кетіп қалған. "Түйе емес екеніңді айқын дәлелдеу үшін ол сәтте еркіндікте болғаның дұрыс" деп жазды Романова. Оған қыркүйекте "беделді германиялық қорлардың бірі жұмыс ұсынған".

"Русь сидящая" ФҚАЖ үстінен сотқа іскерлік беделін қорғау туралы шағым түсірген. Құқық қорғаушылар ФҚАЖ қаржы министрлігіне бұрыс ақпарат берген деп біледі. 6 желтоқсанға алғашқы сот отырысы белгіленген. Романова Ресейге ол сотқа қатысуға барғысы келетінін, бірақ "қауіп әлі азаймағанын" жазды. Ол ұйым өзі болмаса да тоқтаусыз жұмыс істеп тұрғанын айтып, эмиграцияда жүргісі келмейтінін жеткізді.

"Русь сидящая" 2008 жылы құрылған. Ұйым сотталғандар мен олардың туыстарына құқықтық көмек көрсетеді.

XS
SM
MD
LG