Accessibility links

Трамп Пхеньянға "төзімін сынай бермеуді" ескертті


АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея парламентінде сөйлеп тұр. Сеул, 8 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея парламентінде сөйлеп тұр. Сеул, 8 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынге АҚШ-тың "төзімділігімен ойнамауға" кеңес беріп, "әлем өзін ядролық қарумен қоқан-лоқы көсетіп отырған аластатылған режимнің қаупіне төзе алмайтынын" мәлімдеді.

8 қарашада Оңтүстік Корея парламентінде сөйлеге Трамп Пхеньян иеленгісі келіп отырған ядролық қару Солтүстік Кореяның қауіпсіздігін арттыра алмайтынын, керісінше ол елдің режиміне "үлкен қауіп тудыратынын" мәлімдеді. "Бізді жете бағалай алмай қалып жүрмеңдер және сынай бермеңдер" деді Трамп. Дегенмен ол Пхеньян егер баллистикалық зымыран жасауын тоқтатып, "ядролық әрекеттерін тоқтатуға және толық тексеруге келіссе" онда Солтүстік Кореяның болашағы жарқын болатынына уәде берді.

Трамп 8 қараша күні таңертең ауа-райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны бөліп тұрған демилитарлық аймаққа бару жоспарынан бас тартуға мәжбүр болды. Ақ үй кейін президент аталған аймаққа бара алмай қалғанына "қатты қынжылғанын" мәлімдеді.

Азияға сапарын Жапониядан бастаған Трамп енді Қытайға барады. Америкалық шенеуніктердің хабарлауынша, Трамп Қытайға сапарында Пекиннің Пхеньянның басты одақтасы және сауда әріптесі ретінде Солтүстік Корея басшысын ядролық бағдарламасынан бас тартқызуға ықпал етуін назарда ұстамақ.

XS
SM
MD
LG