Accessibility links

Мадрид Каталония тәуелсіздігі туралы декларацияны жойды


Каталония парламенті алдына жиналғандар парламенттегі аймақ тәуелсіздігін жариялауға дауыс беру барысын бақылап тұр. Барселона, 27 қазан 2017 жыл.
Каталония парламенті алдына жиналғандар парламенттегі аймақ тәуелсіздігін жариялауға дауыс беру барысын бақылап тұр. Барселона, 27 қазан 2017 жыл.

Испанияның конституциялық соты Каталонияның тәуелсіздігі туралы декларацияны заңсыз деп таныды. Декларацияны 27 қазанда автономия парламенті қабылдаған.

31 қазанда Конституциялық сот түпкілікті шешім қабылданғанша Каталония тәуелсіздігін жариялауды тоқтатқан.

8 қарашада Каталонияда жалпыхалықтық ереуіл өтті. Оған қатысқандар автономияның биліктен шеттетілген басшысы Карлес Пучдемон мен оның бұрынғы үкіметіндегі төрт министрді қамауға ордер берілгеніне қарсылық танытып, көлік жолдары мен теміржолды жапты. Оларға бүлік шығарды және бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған.

Каталония тәуелсіздігі туралы референдум өткен соң Испания билігі автономия үкіметі мен парламентін таратып, тікелей басқару жүйесін енгізген. Каталонияда 21 желтоқсанға сайлауға белгіленді.

XS
SM
MD
LG