Accessibility links

Роскомнадзор Facebook-тің Ресей заңына сәйкестігін тексермек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын Роскомнадзор мекемесі Facebook-тің Ресей заңдарын қалай орындайтынын, атап айтқанда, әлеуметтік желінің ресейлік қолданушылардың жеке бас мәліметтерімен қалай жұмыс істейтінін тексермек. Бұл жайында "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Бұған дейін Роскомнадзор Facebook егер ресейлік қолданушылардың мәліметтерін ел аумағына көшірмесе, онда 2018 жылдан Ресей аумағында бұғатталуы мүмкін екенін мәлімдеген. Ведомство Facebook-тің Ресей заңдарына сай жұмыс істеп отырғанын биыл тексерейін деп отырмағанын айтады.

Ресейде дербес мәліметтер туралы заң 2015 жылы күшіне енген. Заң интернет компанияларды ресейліктердің дербес мәліметтерін Ресей территориясында сақтап, өңдеуге міндеттейді. Роскомнадзор 2016 жылы бұл заңды бұзды деп шетелдік LinkedIn әлеуметтік желісін бұғаттаған.

XS
SM
MD
LG