Accessibility links

Түркіменстанда VISA төлем карталарының иелеріне жаңа шектеу салынды


Көрнекі сурет.

Түркіменстан банктері халықаралық VISA төлем жүйесінің пластик карта иелеріне жаңа шектеулер енгізді.

Жергілікті БАҚ мәліметіне қарағанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін банктерге баруға тыйым салынады. Ал елде банк кассалары тек 9:30-дан 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Банктер VISA картасына ақша салуға келген адамдардан жұмыстан арнайы анықтама талап етіп жатыр. Онда жұмыстан сұранып кеткендігі нақтылануы керек. Мұндай анықтама құжаты жоқтарға картасына ақша салуға рұқсат берілмейді.

Ал мемлекеттік мекеме қызметкерлері болса, мұндай анықтама қағаз алудың оңайға түспей жатқанын айтады. Себебі, құжатта кемінде екі жетекшінің қолы қойылуы керек.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG