Accessibility links

Кремль өкілі: Путин мен Трамп 10 қарашада кездесуі мүмкін


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

"АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин 10 қарашада кездесуі мүмкін" деп хабарлады 9 қарашада Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков. Оның сөзінше, қазір Вьетнамда 10-11 қарашада өтетін Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері экономиалық саммиті аясында Путин мен Трамптың кездесуін өткізу жайы "келісіліп жатыр".

"Кездесу шамамен 10 қарашада өтуі мүмкін" деді Ушаков.

АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы Мәскеудің Украинағ қарсы басқыншылығына және АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына ықтимал килігуіне байланысты шиеленісіп кеткен.

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскен қаңтардан бері Путинмен жүзбе-жүз бір-ақ рет, шілдеде Германияда өткен G20 елдерінің саммитінде кездескен.

Трамп 5 қарашада Азия елдеріне бес күндік сапарында Путинмен кездесуді күтіп отырғанын мәлімдеген. Ал Путиннің баспасөз хатшысы 8 қарашада екі президенттің кездесу ықтималдығы "өте жоғары" екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG