Accessibility links

Yahoo-дың экс-басшысы Ресей хакерлерін кибершабуылға айыптады


Марисса Мацер, Yahoo компаниясының бұрынғы басшысы.
Марисса Мацер, Yahoo компаниясының бұрынғы басшысы.

Америкалық Yahoo компаниясының бұрынғы басшысы Марисса Майер АҚШ сенатындағы тыңдауда 2013 жылы ресейлік хакерлер сервистің үш миллиард аккаунтын бұзып, мәліметтерін ұрлағанын мәлімдеді деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Yahoo былтырға дейін белгісіз болып келген ол шабуылдың қалай болғанын әлі күнге анықтай алмаған. Ол шабуыл туралы былтыр, америка билігі жариялаған мәліметтерден соң белгілі болған. Майердің сөзінше, жасалған шараларға қарамастан, Yahoo жүйесіне ресейлік агенттер заңсыз кіріп, қолданушылар мәліметтерін ұрлаған. Ол хакерлермен күресті "қарулану бәсекесімен" салыстырып, компанияның бұрынғы директоры ретінде Yahoo-дың әр қолданушысынан кешірім сұрағысы келетінін айтты.

Yahoo қолданушыларына жаппай шабуыл жасалғаны туралы өткен жылдың желтоқсанында белгілі болған. Ол кезде миллиардтаған аккаунттан мәліметтер ұрланғаны туралы ақпарат жарияанған. 2017 жылы қазанда Yahoo хакерлер үш миллиард аккаунтты бұзғанын, шабуылға іздеу жүйесінің барлық қолданушылары ұшырағанын мәлімдеген.

Yahoo басшылығы екі шабуылды жасағандар бір және олар аты-жөні аталмаған мемлекеттік тапсырысын орындаған деп біледі. 2017 жылы наурызда АҚШ қаржы министрлігі бірнеше ресейлікке, оның ішінде Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің екі қызметкеріне Yahoo-ге кибершабуыл жасады деп айып таққан. Олардың бірі Дмитрий Докучаев былтыр желтоқсанда Мәскеуде мемлекетке сатқындық жасады және ЦРУ-ға ақпарат берді деген күдікпен тұтқындалған. Бұл істегі тағы бір күдікті - Қазақстаннан шыққан Карим Баратов 2007 жылы Канадаға кетіп қалып, 2011 жылы азаматтық алған. Ол Канадада 2016 жылдың нурыз айында АҚШ-тың сұрауымен ұсталған.

XS
SM
MD
LG