Accessibility links

Қырғыз белсендісі мен әйелі АҚШ-тан саяси баспана сұрады


Қырғызстандық белсенді Ренат Самудинов әйелі Эльнура Молдокадыровамен бірге.
Қырғызстандық белсенді Ренат Самудинов әйелі Эльнура Молдокадыровамен бірге.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қырғызстандық белсенді Ренат Самудинов пен оның әйелі, Қоғамдық телерадиохабарларын тарату корпорациясының (ОТРК) бұрынғы тілшісі Эльнура Молдокадырованың ұсталғанын растады. Министрлік ақпаратына қарағанда, олар АҚШ билігіне өздеріне саяси баспана беруге өтініш білдірген.

Самудинов пен Молдокадырова 19 қазанда ұсталған. Олардың АҚШ-қа кіруіне рұқсат беретін құжаттары болмаған. Арнайы орынға рналастырылған олардың ісін АҚШ иммиграциялық соты қарайды. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі ерлі-зайыпты азаматтардан өздерін ұстау жағдайына қатысты шағым түспегенін, олардың АҚШ-тағы Қырғызстан елшілігіне қайырылмағанын айтады.

Самудинов бұрын іс басындағы президенттің Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының (СДП) жастар қанатын басқарған. 2017 жылы тамызда Самудинов бұрынғы премьер-министр Сооронбай Жээнбеков партия атынан президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынылуын қолдаудан бас тартқан соң партия қатарынан шығарылған.

Эльнура Молдокадырова ОТРК-да бағдарлама жүргізген. Биыл тамызда ол жұмысында "біраз кедергіге тап болғанын" мәлімдеген. Телеарна басшылығы оның мәлімдемесін "негізсіз" деп жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG