Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қарашада Челябинскіде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі ел қарым-қатынасына қатынасын талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Челябинскіде аймақаралық 14-форум аясында Путинмен кездескен Назарбаев экономикалық қарым-қатынастың "қиындықтарға қарамастан дамып келе жатқанын" айтты. "Соңғы тоғыз айда екі ел арасындағы тауар айналымы 31 пайызға ұлғайды. Бүгінгі кездесудің екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан ары дамыту үшін маңызы зор болмақ" деді Назарбаев.
Владимир Путин аймақаралық форум өткізуді кезінде Назарбаев ұсынғанын, оның сәтті, пайдалы және табысты болғанын айтты.