Accessibility links

Назарбаевтың Челябинскіге сапарында бірнеше құжатқа қол қойылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Челябинскіде аймақаралық форум аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. 9 қараша 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Челябинскіде аймақаралық форум аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. 9 қараша 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қарашада Челябинскіде Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарының 14-форумына қатысып, бірқатар құжатқа қол қойды. Назарбаев келесі 2018 жылғы аймақаралық форумды Петропавлда өткізуді ұсынды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумда Ресей және Қазақстан президенттерінің екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемесіне, Қазақстан мен Ресей арасындағы 1998 жылы 6 шілдеде жасалған Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын жер қойнауын пайдаланудың дербес құқығын іске асыру үшін бөлу туралы келісім хаттамасына қосымша хаттамаға қол қойылған.

Сонымен қатар Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының жұмыс істеуі туралы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімге, екі ел үкіметтері арасындағы "Байқоңыр" ғарыш кешенін жалға алу туралы 1994 жылы 10 желтоқсанда жасалған келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға, "Байқоңыр" космодромының қызметкерлері мен Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай ауылдарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тәртібі туралы екі ел үкіметтері арасындағы келісімге өзгеріс енгізу хаттамасына қол қойылған.

XS
SM
MD
LG