Accessibility links

Әкім: СҚО-дан Ресейдің оңтүстік облыстарына жол салынады


Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 9 қараша 2017 жыл.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 9 қараша 2017 жыл.

Челябинскіде өткен Қазақстан мен Ресейдің 14-өңіраралық ынтымақтастық форумында Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары 2017-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы қосымша келісімге қол қойып, ауыл шаруашылығы бизнесі, білім, мәдениет салаларында өткізілетін шаралардың мерзімі көрсетілген бағдарлама қабылданды.

"Оңтүстік - Орал темір жолы" Солтүстік Қазақстан аймағындағы жол жағдайын жақсартты. Келесі жылы Омбы, Қорған және Түменге бірінші және екінші санаттағы жол тартылады. Нәтижесінде, жыл сайын Ресейден келетін туристер санын 10-15 пайызға көбейтуге мүмкіндік туады" деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

2018 жылы Петропавл қаласында өтетін 15-өңіраралық форумның тақырыбы туризм саласын дамытуға арналады.

XS
SM
MD
LG